Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы барлық сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр

Қазақстанның барлық 10 146 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10 146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман ОСК отырысында.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты 1887 сайлау учаскесі Астана уақытымен сағат сегізде ашылды.

Осылайша қазір 10 164 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Ал шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеуінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.

Талқылау