Қазақстандағы балалар үйінен 76 млн теңге ұрланды
Қаржылық барлау Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменттерімен бірлесіп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде 21 бұзушылықты анықтады. Жалпы шығын сомасы 76 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мекемелердің бірінде зағиптарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар ноутбуктерді сатып алу кезінде бюджетке келтірілген шығын 17 млн теңгеден асты. Аумақтар мен ғимараттарды абаттандыруға және ағымдағы жөндеуге арналған бюджет қаражатын ұрлау фактілері орын алды.
Мәселен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бір арнайы мектеп-интернатта 3 млн теңге ұрланған. Қаржы асхана шатырын жөндеуге бөлінген", – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Барлық бұзушылықтар бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіледі.
Барлық анықталған бұзушылықтар Экономикалық тергеу қызметіне берілді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн