Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы компьютерлік ҰБТ 10 наурызда өтеді: Тіркеу басталды

Қазақстанда талапкерлердің ақылы компьютерлік Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) өтуге өтінімдерін тіркеу басталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

компьютер

"Достар! Сіздер тарихтағы алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркеліп жатырсыздар! Құттықтаймыз! Наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде", - дейді Смағұлов.

Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Тестілеу құны: 2242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.

"Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі. Тіркелу барысында қай ҰБТ өткізу пункті жұмыс істейтіні көрсетіледі.", - делінген тестілеу орталығы хабарламасында. 

Талқылау