Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қазан айының соңында анықталады

Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қазан айының соңында анықталадыФото: depositphotos.com

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау қою байқауы 25 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Байқауды өткізу комиссиясы ережелерді бекітті. Жалпыхалықтық байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

- 25 қыркүйек – байқаудың ресми басталуы туралы хабарландыру;

- 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін – ұсыныстарды eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылдау;

- 11 қазаннан 24 қазанға дейін – ұсыныстарды талдау;

- қазан айының соңына дейін – АЭС атауының үздік нұсқасын анықтау.

Байқауға Қазақстанның барлық тұрғындары қатыса алады. Ережелер агенттіктің ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясына атау беру үшін байқау өткізуді ұсынған болатын. Станция Алматы облысының Жамбыл ауданында салынып жатыр.

Комиссия құрамына Алмасадам Сәтқалиев, оның орынбасары Тимур Жәнтікин, мәжіліс пен сенат депутаттары, журналистер, жазушылар, ғалымдар және блогерлер енді.

Еске салайық, 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау табуға конкурс өткізуді ұсынған еді. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 19:00
Талқылау