Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін компаниялардың тізімі жарияланды

Қазақстан атом электр стансасын (АЭС) салуға ниет білдірген мердігер компаниялармен келіссөздерді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Экология министрлігі АЭС құрылысына технологиялық шешімдер ұсынатын әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізімін жариялады. Оған Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы, Оңтүстік Кореяның KHNP компаниясы, Қытайдың CNNC және Францияның EDF компаниялары енді.

Сонымен қатар, энергетика министрлігі жобаны жүзеге асыратын нақты жеткізуші немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешімнің әлі қабылданбағанын мәлімдеді.



"Бұл шешім Қазақстанның ұлттық мүдделерін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып, 2025 жылы қабылданады", – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.

2025 жылдың 21 қаңтарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресейге жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздердің соңғы кезеңі болды.

"2024 жылдың қазан-желтоқсан айларында, осындай сапарлар Оңтүстік Кореяға, Францияға және Қытайға да жасалған болатын", – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, осыған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімі қысқаруы мүмкін екенін айтқан еді.

 

Талқылау