Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы 10 мұнай және газ жер қойнауы учаскелері сатылатын болды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика вице-министрі Жанат Жахметова мұнай және газ жер қойнауы учаскелері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жахметованың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер
қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалар аукцион өткізуге
онлайн режимінде өтініш бере алады.

- 2020 жылы Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы учаскесін электрондық
аукцион арқылы сату жоспарлануда, олардың қол қою бонусының жалпы
бастапқы мөлшері 400 млн теңге. Қазіргі уақытта аукционға қатысуға 30-дан
астам өтініш келіп түсті, - деді Жанат Жахметова.

- Көмірсутектерді игеру және өндіру үшін мемлекет ұсынатын учаскелердің
жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы км.

Электрондық сауда-саттықты өткізу 2020 жылғы 23 желтоқсанға
жоспарланған (қатысуға өтінімдер 29 қарашаға дейін қабылданады). Бұл
игеру құқығы электрондық тәсілмен іске асырылатын алғашқы учаскелер
болып табылады. Осы уақытқа дейін аукциондар көзбе-көз режимде өткен, қатысушыларға, тіпті егер игеруге шетелдік компания үміткер болғанның өзінде, аукцион залдарына бару қажет еді. Енді карантинге байланысты және көптеген халықаралық әуе рейстері тоқтатылған кезде сауда-саттық электрондық тәсілмен жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік органдарды да, бизнесті де айтарлықтай операциялық шығындардан босатады.

 

Талқылау