Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зиянды биологиялық белсенді қоспалар табылды

Қазақстанның өңірлік газеттерінде тұтынушыны жаңылдыратын, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін биологиялық бесенді қоспа (ББҚ) туралы жарнамалық ақпарат табылды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

20160923115046

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Мониторинг кезінде өңірлік «Ақжайық», «Мой город», «Спектр», «Южный Казахстан» газеттерінде ББҚ жарнамалайтын мақалалар жарияланғаны анықталды.

Комитеттің ақпаратына сәйкес Қазақстанда тіркелмеген мынадай ББҚ анықталды: «Лицетинмен мадерия» бальзамы, Алкостопин Форте, «Литомасло «Ер күші».

Қазір шаралар қабылдау мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ жарнаманы бақылау мақсатында тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстардың мониторингі, оның ішінде ББҚ жарнамалау мәселелерін түсіндіру шаралары өткізілетін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Үй шаруасындағы әйел бананның ішінен адам өміріне қауіпті өрмекші тауып алды

Көпшілік мән бере бермейтін қауіпті аурулар

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Талқылау