Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жұмыспен қамту үшін 1 трлн теңге бөлінетін болды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жаңа бағдарламасы бойынша еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге 1 трлн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. 

"Біріншіден, Төтенше жағдай кезеңінде экономиканы тұрақтандыру және халықты қолдау бойынша жедел шаралардың 2 пакеті қабылданды. Шаралар жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың табысын төмендетпеуге, тұрғын-үй құрылысына, бюджеттің салық кірістерін қалпына келтіруге және басқа да салаларға бағытталған. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы төленуде. Сонымен қатар еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» жаңа бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді. Осы бағдарламаны іске асыру өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл – апатты және үш ауысымды мектептер санын азайту, газдандыру, сапалы жергілікті жолдар салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы шаруалар", - деді Руслан Дәленов

Ол экономика мен ШОБ қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы әңгіме қозғады. 

"Мысалы Жамбыл облысында газдандыру жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Қордай ауданы ауылдарының 50 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді. Сол секілді Атырау облысы Құрманғазы ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық су желесінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осындай жобалар еліміздің әр өңірінде халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша өзекті міндеттерді шешпек", - деді министр.

Оның айтуынша, мұндай жобалар елдің әр аймағында халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша шұғыл міндеттерді шешеді.

"Бүгінгі таңда 255 мың жұмыс орнын құру жоспарымен жүзеге асырылатын 6500 әлеуметтік маңызы бар жоба іріктеліп алынды, оның ішінде аяқталған жобалар бойынша 15000 тұрақты жұмыс орны. 5,9 мың жобаны іске асыру басталды, бұл 123 мың жұмыс орнын ашты", - деді Р.Дәленов.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2020 14:34
Талқылау