Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жұмыс берушілер оқушыларды жұмысқа жегіп, ақысын бермей қойған

 

Қазақстанда мектеп жасындағы оқушылар қосымша жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр. Кейбірі табысқа кенеліп, отбасына қолғабыс болу үшін оқуын да ысырып тастайды екен. Әсіресе, жағдайы төмен жанұяның ұл-қыздары қара жұмысқа үйір. Ең өкініштісі, нәпақа табамын деп алданып жатқан жасөспірімдер де бар. Балалардың еңбегін еш кетіргендерге жаза бар ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ъх

15 жасөспірім ата-анасына көмектесу үшін құрылыс компаниясында еңбек шартын жасамай жұмыс істеген. Басында таңғы ас беріп жүрген жұмыс берушілер, кейіннен тіпті еңбек ақыларын төлеуден бас тартқан. 

Тек бір айдан кейін ғана Қостанай облыстық құрылыс басқармасының араласуымен ақшаларын қайтарып беріпті. 

Жалпы, бүгінде оқушылардың нәпақа тауып жүргені таңсық жағдай емес. Бұл сөзді елорда базарларында жүрген балалардан-ақ байқауға болады. 

Мәселен, сабақ уақытында сауда жасап тұрған Айдана есімді қыз 9-шы сыныпқа өткен. 

"Сабақ онлайн ғой. Сабақ 11:30-да бітеді, бітіріп келемін ғой", - деді сауда жасап жүрген оқушы қыз.

Ал Алматы қаласында 24 жеткіншек жолдың ортасын автокөліктің фарасын сүртіп жүрген жерінен ұсталған. Балаларымен және олардың ата-аналарымен алдағы уақытта мұндай әрекетке бармау туралы әңгіме жүргізілген. Талапты орындамаса, әкімшілік жауапқа тартылмақ.

Ал білім беріп жүргеніне 13 жыл болған ұстаз өз тәжірибесінде оқып жүріп жұмыс істеген балаларды көрмегенін айтады. 

"Ол жағын біз көптеген сынып сағаттар өтеміз, ата-аналармен жиналыстар өтеміз. Ол мәселе ата-анамен, мұғаліммен талқыланады. Бала үшін оқу бірінші кезекте тұрады деп ойлаймын, оған ата-ана жауапты. Жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймын. Кез келген қосымша жұмыс, кез келген қосымша нәрсе сабағына әсер етеді", - деді қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Балжан Дәулетқұлова.

Мұны шарасыздық күйі десек те әр ата-ана баласының білім алуына жағдай жасауы керек дейді қоғам белсендісі. 

"Жалпы, баланың білім алуына бірінші жағдай жасауымыз керек. Өйткені, келешегімізге, әрине, ақшамыз болса,  ұрпағымыз, біздің келешек капиталымыз ғой", - деді қоғам белсендісі Ерсейіт Әлім.

Заң бойынша кәмелетке толмағандар жұмыс істей алады, бірақ белгілі бір шарттармен ғана. Егер жұмыс берушініің тарапынан заң бұзушылықтар анықталса, оны 5 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. Сонымен қатар, қосымша жұмыс істеу оқушының блім алуына кедергі келтірмеу керек дейді заңгерлер. 

"Еңбек заңнамасына сәйкес бізде белгілі жағдайларға байланыст 16 жастан бастап еңбек шартын жасауға боладыы. Сонымен қатар, бала 14 жастан бастап еңбек келісім шартын жасай алады. Бірақ мұндай жағдайда ола ата-аналарының, қамқоршыларының қатысуымен жүзеге асуы керек", - деді заңгер Төлеген Болтанов.

Жасөспірімдердің жұмыс істеп, табыс табуы ата-аналарына сын. Өйткені олар бірінші кезекте балаларының қауіпсіздігін ойлағаны абзал. Егер мектеп жасындағы жеткіншектерге жұмыс істеткісі келсе, ең алдымен еңбек шартын ойлауы керек. Сол кезде ешқандай мәселе туындамайды дейді мамандар.

Талқылау