Қазақстанда жұмыртқа, пияз және сәбіз арзандады
Фото: 1000.menu
Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылы алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының апта ішіндегі нөлдік өсімі тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік дерегінше, соңғы аптада кейбір өнімдердің бағасы төмендеген:
• Жұмыртқа – 1,2%-ға,
• Пияз – 0,8%-ға,
• Сәбіз – 0,6%-ға,
• Кеспе мен күріш – 0,1%-ға арзандады.
Жыл басынан бері ұн бағасының 1,7%-ға төмендеуі тұтынушылық шығындардың тұрақтануына оң әсер еткен.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының индексі бірнеше өңірде төмендеді:
• Түркістан облысында – 0,2%-ға,
• Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 0,1%-ға.
• Ал Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға индексі өзгеріссіз қалды.
Бағаны ұстап тұру мақсатында өңірлік комиссиялар 1 872 заң бұзу дерегін анықтаған. Бұл әлеуметтік тауарларға рұқсат етілген 15%-дан жоғары үстемеақы қолдануға қатысты. Барлық факті бойынша әкімшілік істер қозғалды.
Сонымен қатар 6 100-ден астам тауар жеткізу тізбегі сарапталып, 655 жағдайда бәсекелестік заңнамасының бұзылу қаупі анықталды.
Бағаны тұрақтандырудың басты тетіктерінің бірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері. 2025 жылдың басынан бері елде 3 мыңға жуық жәрмеңке өтіп, онда фермерлер өнімін делдалсыз, тікелей сатып, тұтынушыларға қолжетімді баға ұсынды.
Қазақстанда темекі тағы 12% қымбаттады
ЕАЭО елдері арасында әлеуметтік азық-түлік Қазақстанда ең қолжетімді бағада – Үкімет
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы бір адам үш айда орта есеппен 158 648 теңгені тек азық-түлікке жұмсайтынын айтты. Бұл ақшаның көп бөлігі ет, нан, сүт, күріш пен қарақұмық сияқты негізгі өнімдерге кетеді. Көкөніс бағасы да шарықтап тұр. Іріктелген картоп – 460 теңге, жуылған сәбіз – 499 теңге.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
