Қазақстанда жұмыртқа бағасы 5-6 рет көтеріледі - сарапшы
Қазақстанда жұмыртқа бағасы қымбаттамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Бағаның өсуіне басты себеп өндірістің үш есе азаюы. 12 құс фабрика жұмысын тоқтатты. Субсидияның алынып тасталуы, жемнің қымбаттауы кәсіпкерлерді тығырыққа тіреген.
Кезінде жұмыртқа шығарудан әлемде төртінші орында болған отандық фабрикалар қазір тоқырау алдында тұр. Себебі, мемлекеттің көмегінсіз, өзіндік құнмен бәсекеге қабілетті болу қиын. Оның үстіне жем бағасының қымбаттауы да бағаға әсер етеді. Осы уақытқа дейін құс өнімдерін Ресейден алып келдік. Себебі, біздің ішкі өнім нарықты толық қамтамасыз ете алмайды. Енді көршілес ел жұмыртқа мен етті экспорттауды тоқтатпақ. Өйткені бұл тауар Ресейде де тапшы. Сарапшылар бұл жұмыртқа бағасының өсуіне әсер етеді дейді.
“Бір жылдың ішінде баға 5-6 рет көтеріледі. Былтырғы жылдарға қарағанда 200 миллиондай төмен болып тұр. Екі жыл болды жұмыртқадан субсидияны алып тастады. Ол әсер етіп отыр”, – деді Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.
Қазақстанда бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы орташа есеппен 1,4 %-ке өскен. Ал Атырауда жұмыртқа бағасы өткен айда 8 пайызға қымбаттады.