Қазақстанда жүргізушілерге арналған мобильді қосымша іске қосылды
Қазақстанда жүгізушілерге арналған Sapar мобильді қосымшасы іске қосылды. Одан көлік айдаушылар қауіпсіз сапарға қатысты барлық ақпаратты оқып отырады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz хабарына сүйене отырып.
“ҚазАвтоЖол”
Қосымшадан жүргізушілер қай республикалық жол жабық екенін, қай жол жөнделіп жатқанын және ауа райы қандай болатынын, трасса бойында қызмет көрсететін қандай орындар барын біле алады, онлайн және офлайн навигациясын қолдана алады. Қолданбаны “ҚазАвтоЖол” компаниясы шығарған.
Қосымшаны әзірге Android қолданушылар ғана жазып ала алады. Қолданба жақын арада AppStore-ға да шығады дейді “ҚазАвтоЖол” өкілдері.
Талқылау