Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жолдарда бассыздық жасағандарды өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыру ұсынылды

Қазақстан жолдарында жаңа қауіпті тренд пайда болды. Бірқатар қазақстандықтар көлігімен қарсы жолға шығып, батыл әрекеттерін Tik Tok-та жарыса жариялап жатыр. Осылайша тәртіп бұзушылар көбірек лайк пен пікір жинауға тырысады. Жүргізушілерді ұстайды, айыппұл салады және көліктерін алып кетеді, бірақ бұл оларды тоқтатпай тұр,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.  

Екі жас жігіт Алматының дәл ортасында қарсы жолаққа шығып, интернетте танымал болуға келіскен. 

Көріністің ажырамас бөлігі Tik Tok-тың трансляциясы болды. 9 минут ішінде 19 жастағы "жүрек жұтқан" жүргізуші жол ережесін 12 рет бұзған. Өзін анықтай алмайды деген үмітпен жігіт жаңа Land Cruser 200-ден мемлекеттік нөмірді алып тастады, бірақ полиция қызметкерлерінің камералары арқылы тәртіп бұзушының жолын бақылау қиын болмады.

Бір күннен кейін, бейне кейіпкері, объективтің екінші жағында, көз жасын төгіп, кешірім сұрады. Бейне челлендждің қорытындысы - 200 мың теңге айыппұл, жүргізу құқығынан айыру және жүздеген жаңа жазылушылар. 

Ұқсас оқиға Нұр-Сұлтанда да болды. Жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынып, көлік жүргізу куәлігін жарамсыз етті. 

Полиция мұндай бұзушылықтар жиі кездеседі дейді, бірақ оларды табу қиын емес, өйткені олар өздерінің "ерліктерін" өздері жариялайды.

"Біз бүкіл қоғамды тосқауыл қоюға шақырамыз. Мұндай фактілердің әрқайсысы міндетті түрде жазаға тартылады. Бұл жастар арасындағы сән, фейп, тик-ток, барлық бейнероликтер, олар бізге өте қиын жол жағдайын алып келеді. Жағдайлар жиілеп кетті", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жолдардағы абайсыздық мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Қауіпті трендтерді әртүрлі әлеуметтік желілердің қолданушылары жалғастырып жатыр. Адвокат Жангелді Сүлейманов мұндай жүргізушілерге жаңа жаза енгізуді ұсынады.

"Бұл ең аз дегенде айыппұл сомасын ұлғайту, сондай-ақ қайталап бұзғаны үшін қандай да бір мерзімге емес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыру, өйткені мұндай адамдарды жеңу мүмкін емес", - деді ол.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда ЖКО саны 40% - ға азайды. Тәртіп бұзушыларға жаза жоспарлы түрде күшейтіледі. Осы жылдың басынан бері мыңнан астам жүргізуші құқығынан айырылды.

Талқылау