Қазақстанда жол құрылысына бөлінген жер учаскелерін беруге мораторий енгізіледі
Көлік министрлігі үкімет отырысында елімізде жол құрылысына арналған жер учаскелерін беруге мораторий енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: matador.tech
Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне тиісті тапсырма беріп, жаңа жол жобаларын уақытылы іске асыру мәселесін көтерді.
"Барлық дайындық жұмысын алдын ала жүргізу керек. Осылайша болашақта жобалардың созылып кетуі мен олардың қымбаттауын болдырмауға болады", – деді премьер-министр.
Әкімдіктер қажет жерлерді уақытылы резервтеп, олардың мақсатты пайдалануын өзгертуге тиіс деді үкімет басшысы. Отырыста индустрия және құрылыс министрлігімен бірлесіп, құрылысқа пайдаланылатын кен орындары бойынша құжаттар әзірлеуі қажет екені айтылды.
"Біздің ведомствоға қарастырылып жатқан мемлекеттік қажеттіліктерге жерді жедел сатып алуды заңнамалық тұрғыда реттеуді пысықтау тапсырылды", – деп қорытындылады көлік министрлігі.
2025 жылы Қазақстанда ақылы жолдар екі есе көбейеді
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жөндеуден өткен жол жарамсыз болып қалғанын жаздық. 2024 жылы "Мәртөк-Дмитриевка-Байторысай-Полтавка" жолын орташа жөндеуге 600 млн теңге бөлінген. Алайда жөндеу аяқталмай жатып, 4 шақырым жол жарамсыз болып қалған. Тексеру барысында жобада айналма жол қарастырылмағаны, сондықтан мердігер инертті материалдарды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдағаны анықталды. Сондай-ақ кепілдік мерзімі 2 жыл емес, 1 жыл деп қана белгіленгені белгілі болды. Агенттіктің мәліметінше, облыс әкімдігі кепілдік мерзімін қайта қараған. Ал жарамсыз жолды қалпына келтіру үшін мердігерге талап арыз берілген.