Қазақстанда жол апаты көрсетілетін арнайы карта пайда болды
Қазақстанда көліктердің соғылғаны туралы ақпарат көрсетілген арнайы электронды жол картасы пайда. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл картада азаматтардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төндірмеген жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары есепке алынбайды. Карта жергілікті атқарушы органдар, жол полициясы қызметтері, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ үшін апаттылықтың алдын алу және азайту, қажетті жол белгілері мен таңбаларды орналастыру мақсатында уақтылы шаралар қабылдау, апатты учаскелерді уақтылы жөндеу, сондай-ақ тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдауды талдау үшін пайдалы", - деп атап өтті Ахметжанов.
Бұған қоса, ол еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттің сайтынан "qamqor.gov.kz" "Ақпараттық сервис" бөлімінде көруге болатын атап өтті.
Талқылау

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
Уәлихан Умиров: "2 миллион теңгеден аса айлық аламын"

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
Адвокаттар бұл істе барлық кінәлі сотқа тартылмағанын айтты