Қазақстанда жоғары оқу орнын тәмамдағандар ұрығын тапсырып ақша таба алады
Шымкентте ұрығын тапсырам деушілер көп. Дегенмен мамандар оларды сүзгіден өткізеді. Көптеген мекемеден медициналық анықтаманы жинап қана қоймай, жоғары оқу орнын тəмамдап, мамандық бойынша жұмыс істеуі тиіс.
Еліміздегі эко орталықта ұрықты мұздатып 10 жылға дейін сақтауға мүмкіндік бар. Жыл сайын өзгертілген ғылыми жаңалықтарға сəйкес бұл мерзім тағы да ұзаруы мүмкін, деп хабарлады TVK телеарнасы.
Ал Шымкентте ашылған эко орталықта, жасанды жол арқылы екі жылдың ішінде 100-ден астам бала дүниеге келген. Нəрестелі болған əйелдің ең егдесі 53 жаста.
“Қазіргі таңда жас ерекшелігіне қарамаймыз. Бізде 1968 жылғы пациенттер бар. Ең бастысы саматикалық ауруы болмаса болды. Стандартты экода дәріге ақша жұмсаймыз. Ол өзінің табиғи жағдайда өсіп жатқан фалекулдарын алу мақсатында жасалынады. Оған ешқандай препарат кетпейді”, — дейді жетекші репродуктолог Зухра Жантаева.
ЭКО жəне табиғи жолмен дүниеге келген балалардың арасында айырмашылық жоқ. Қайта құтыдағы нәресте көп жағдайда ақылды болады дейді мамандар.
“Жасы үлкен, 40-тағы ата-аналар туғандықтан олар ақылды, кішкене ерке болады. Олар тәрбиеге көп көңіл бөледі”, — дейді Қазақстандық алғашқы “құтыдағы баланың” авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова.
Бірақ емделушілер бұл əдіс бойынша егіз, ұл немесе қыз балаға жүкті болуға тапсырыс бере алмайды. Бұл адамның қолынан келетін іс емес.
“Егіз болу-болмауы бір Алланың қолында. Қазір бұрынғыдай 3-4 эмбрион салмаймыз. 1-2 саламыз. Егіз болып жатады, бірақ арнайы тапсырыспен ұл немесе қыз жасай алмаймыз. Ол адамның қолынан келмейтін нәрсе. Бірақ эмбрионға диагностика жасауға болады. Онда ұл ма, қыз ба, көруге болады”, — деп түсіндірді Салтанат Байқошқарова.Орталықтағы мамандар емделушінің жатырына баланы салғаннан бастап, 13 аптаға дейін ана мен баланы бақылауда ұстайды. Өйткені жүктілік кезде үш ай мерзімде түсік жиі болады.
Қорыта айтқанда қазіргі таңда ұрығын немесе аналық безін сатып, қалталы болам деушілер қатары артуда. Алайда олардың денсаулығында мүлде кінəрат болмауы керек және сотталмағаны туралы қағазды əкелу керек. Әрі жоғары оқу орнын бітіріп, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс. Өкініштісі ұрығын сатамын деп ниеттенгендердің басым бөлігі осындай жоғары талаптарға сай келе бермейді.
Оқи отырыңыз:
Оралда келіншек аяз салдарынан автокөлік ішінде босанып қалды
Атай жылап жіберді: Автобус жүргізушілерінің әрекеті алматылықтарды ашуландырды
Әнші Жазира Байырбекова күйеуі емес, ұлының тегін алғысы келетінін айтты