Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жоғары білімі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге саяси қызметке тағайындалуға рұқсат етілмек

Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен арнайы жоғары білімі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге саяси қызметкер орналасуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жоғары білімі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге саяси қызметкер орналасуға рұқсат беру туралы заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды. Мұндай заң жобасының ұсынылу себебі – енді дипломға емес, тек тәжірибеге назар аудару. Аталмыш заң жобасы күшіне енсе, әсіресе ауылдық жерлерде маман тапшылығы мәселесін шешеді деген болжам бар.

“Бізге тәжірибені, өндіріс пен шаруашылық мәселелерін оқулықтан оқып емес, өмірде көріп, түсінген шаруа адамы керек. Ал жоғары білім бар адамдардың бәрінде мұндай тәжірибе жоқ”, – дейді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Басшылық лауазымдарды қоспағанда, бірінші санаттағы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары үшін салада кемінде 14 жыл жұмыс өтілі бар адамнан мамандандырылған жоғары білім туралы диплом талап етілмейді. Екінші санат үшін – кемінде 13 жыл тәжірибесі болуы керек. 

“Қазір мемлекеттік қызметтегі айлық айтарлықтай көп емес. Ал жоғары білімі бар адамдардың басым бөлігі мұндай жалақыға жұмыс істегісі келмейді. Екіншіден, мемлекеттік қызметке 15-20 жыл жұмыс өтілі бар мамандарды алсақ, мал шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет сапасы мен техникалық жағы жақсарады”, – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Руслан Танишпеков.



Ұсынылған заң жобасы қаңтар айының соңына дейін қоғамдық талқыға түседі.

Бұған дейін Қазақстанда мектеп директорлары мен мұғалімдерін тағайындау ережелері жаңартылған еді. 

Талқылау