Қазақстанда жыл басынан бері өзге адамның құжатын пайдаланған 150 жағдай әшкереленді, тағы 233 адам қос азаматтықпен жүрген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі биылдың өзінде ел аумағында қос азаматтықпен жүрген 233 адамды анықтаған. Сонымен қатар өзгенің құжатын пайдаланған 150 жағдай әшкереленіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дерекке сүйенсек, жыл басынан бері Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мен ел тұрғындарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 фактісі әшкереленген. Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды.
Сонымен қатар жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгені құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алды алынып отыр.
“Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды. Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, - делінген ақпаратта.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді