Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда жетім балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтар арнайы білім алуға міндеттеледі

Фото: depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтар үшін міндетті оқытудан өтуді көздейтін бұйрық қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұйрық 2025 жылдың 30 сәуірінде қабылданған.

Оқыту аяқталғаннан кейін тәлімгердің біліктілігін растайтын сертификат беріледі.

Министрлік мәліметінше, оқытуды тәлімгерлік ұйымдар жүргізеді. Үміткерлер жазбаша өтініш беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Оқыту ұзақтығы екі аптадан аспайды. Курсты аяқтағаннан кейін тестілеу жүргізіледі, нәтижеге байланысты сертификат беріледі.


"Ай сайын төленетін 300 мың теңгені қысылмай алып келген": Қарағандылық отбасы асырап алған балаларын құлдыққа жеккен

Ақмола облысында әйел психикалық ауытқуы бар баланы асырап алып, ұрып-соғып келген


"Тәлімгерлердің міндетті сертификаттаудан өтуі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы көмек көрсету үшін маңызды қадам. Біз дайындалған тәлімгерлер балаларға әлеуметтенуге және тәуелсіз өмірге дайындалуға тиімді көмек көрсете алатынына сенімдіміз", – деді оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Тәлімгер болуға кәмелетке толған, қамқоршыға қойылатын талаптарға сай келетін Қазақстан азаматы өтініш білдіре алады.

"Тәлімгерлік тегін негізде жүзеге асырылады және 10 жасқа толған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды қолдауға бағытталған", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 21:59
Талқылау