Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жер ресурстары мәселесіне жауап беретін жаңа агенттік құрылмақ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеп.

Ералы Тоғжанов Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалды

Отырысты ашқан Ералы Тоғжанов комиссияның мақсатын айта келіп, ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге беруге толық тыйым салу туралы түпкілікті саяси шешім қабылдағанын еске салды. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда комиссия алдында ауыл шаруашылығы саласындағы жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу міндеті тұрғанын жеткізді.

25 наурыздағы бірінші отырыста айтылған ұсыныстарға сәйкес, комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында екі жұмыс тобы құрылды. Экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев болды. Оған комиссияның 33 мүшесі кірді. Құқықтық мәселелер жөніндегі топты Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев басқарды. Оған 21 адам қосылды.

Ұсыныстарды қарау нәтижелері туралы жұмыс топтарының жетекшілері А. Күрішбаев пен Е. Барлыбаев хабарлады. Олардың айтуынша, көпшілік дауыспен шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік қатысу үлесі бар компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салу жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысын қабылдау туралы ұсыныс қолдау тапты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр