Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жемқорлық белең алған аймақтардың тізімі жасалды

Қазақстанда жыл басынан бері екі айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 438 қылмыс тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,7%-ға артық деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom сайтына сілтеме жасап. 

парақор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең көп қылмыс тіркелген аймақтар қатарында Алматы мен Астана қаласы бар. Мұнда 51 заңбұзушылық дерегі тіркелген. Сонымен қатар көш басында Қостанай (бір жыл бұрынғы 21 жағдайға қарсы биыл 40 іс) және Түркістан (бір жыл бұрынғы 39 іске қарсы биыл 37 іс) облыстары, Шымкент (бір жыл бұрынғы 23 жағдайға қарсы биыл 36 іс) қаласы да бар. 

Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, сыбайлас жемқорлық деректері Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында аз тіркелген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректердің 37,4%-і пара алумен байланысты. Жыл басынан бері мұндай 164 оқиға тіркеліпті. Бұдан бөлек қылмескер арасында жемқорлық саласындағы алаяқтық (39 іс), бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру немесе жұмсау (24 іс), пара алу бойынша делдалдық ету (22 іс) әрекеттері бар. 

Мамандардың мәліметінше биыл 301 тұлғаға қатысты күдікті деп тану туралы қаулы шыққан. Оның ішінде 243 тұлға қылмыс жасады деп танылса, 159 адамның ісі сотқа жіберілген. 

"Мемлекеттік органдардың ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары жиі кездеседі: 43 адам, былтырғы екі айда 15 адам ұсталған. Келесі кезекте әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (26 адам), Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (3 адам) және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері (3 адам), Денсаулық сақтау министрлігі (3 адам) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (сонымен қатар 3 адам) ұсталды", – дейді сарапшылар. 

Талқылау