Қазақстанда жеке деректерді таратып жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек

Фото: Pixabay.com
Қазақстанда дербес деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту жоспарланып отыр. Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Тоқаевтың ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Instagram-да 17 миллион қолданушының жеке деректері қолды болды
Желіде қазақстандық спортшылардың жеке деректері тарап кетті: Министрлік тергеуді бастады
“Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыра отырып, цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада "нөлдік төзімділік" саясатына көшеміз. Осы мақсатта қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 АЕК-ке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз”, – Ростислав Коняшкин.
Вице-министр цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек деді.
TikTok LIVE Fest 2025: Қазақстандық креаторлар әлемдік деңгейде топ жарды