Желіде қазақстандық спортшылардың жеке деректері тарап кетті: Министрлік тергеуді бастады

Фото: Shutterstock.com
Хакерлер қазақстандық спортшылардың жеке ақпаратын интернетте жариялап жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олардың ЖСН-дері, байланыс ақпараты және спорттық атақтары көпшілікке қолжетімді болды. eSport.gov.kz ұлттық тізіліміне байланысты мұрағатта шамамен 286 000 спортшы мен жаттықтырушының жазбалары бар деп болжанып отыр.
Сарапшылар бұл деректерді алаяқтар "банктерден" қоңырау шалу немесе жалған несие алу үшін пайдалануы мүмкін деп ескертеді. Оқиғаның себебі әлі тергеліп жатыр. Әкімшінің аккаунты бұзылған немесе жүйенің осалдығы бар болуы мүмкін.
Туризм және спорт министрлігі оқиғаны растап, тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу басталғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін енді eGov.kz порталына электронды цифрлық қолтаңбамен кіру үшін азамат жеке тұлғасын қосымша растау керегі туралы жазған едік.
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"