Қазақстанда жедел жәрдем мен полицияға жол бермеген жүргізушілер енді көше сыпырады
Фото: Stan.kz
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне жаңадан жаза енгізілмек. Бұдан былай темір тұлпар тізгіндегендер асыққан жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне жол бермесе көше сьпырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, енді ережеге бағынбаған көлік жүргізушілері айыппұлдың орнына көше тазалайды. Әлі күшіне енбеген, бірақ күздің алғашкы күнінен жүзеге асатын Әкімшілік кодексті Ішкі Істер министрлігі таныстырды. Жауаптылар бұл жаза автомобиль айдағандарға ғана емес, жаяу жүргіншілер мен самокат тізгіндегендерге де қатысты дейді.
"Егер көлік жүргізушісі бір жылда екі рет асыққан жедел жәрдем, полиция қызметкерлеріне жол бермесе 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл орнына 20 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. Яғни көше тазартып, ағаш әктеп, қоқыс тереді. Бұл жаза жаяу жүргіншілер мен электросамокат айдағандарға да қатысты", – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері көше тазалау жазасы ережеге бағынбаған жүргізушілерді тәртіпке салатынына сенімді. Аула сыпырып жүрген оларға "Қоғам алдындағы борышты өтеу" деген жазуы бар күртешелер де кигізіп қоймақ. Ал жүргізушілер сыпыртқы ұстауға дайын емес екен.
Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Қазақстандық жүргізуші екі айда 131 рет жол ережесін бұзып рекорд орнатты
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда наурыз айынан бастап жол жүру ережелеріне өзгерістер енгізілетінін жазған едік. Енді жедел жәрдем мен полиция көлігін өткізбегендерге 80 мың теңгеге дейін, ал жүріп келе жатқанда басын көліктен шығарғандарға 40 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ жол апатында адам өлімі болмаса, бұрынғыдай жүргізуші куәлігінен айырылмай, 80 мың теңге айыппұлмен шектеледі.

"Түнде көмек сұрап шыңғырған": 16 жасар алматылықтың кісі қолынан мерт болғанын жақындары үш жылдан бері дәлелдей алмай жүр
