Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жастар әскерге барудан жалтарады: Мұның себебі неде?

Қазақстанда соңғы уақытта әскерге баратындар қатары азайып кеткен. Жауынгерлік борышын өтеуге жарамды жастар көбіне әскери шақырту келгенде барынша жалтаруға тырысады. Бұған не себеп? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды. 

әскер

Қазіргі күні әскерге жарамды жігіттер отан алдындағы борышын өтеуге уақыт жоғалтқылары келмейтін көрінеді. 

"Жастар әскерге барудан қашады, барғысы келмейді. Менде сондай жастардың қатарындамын. Өйткені 1 жыл уақытым жайдан-жай кететін сияқты. Енді ол жаңағы мемлекеттік жұмыстағы, әскери жұмыста істейтін азаматтарға керек шығар. Менің жұмысыма әскери билет түкке де қажеті жоқ", - дейді Ақарыс есімді елорда тұрғын.

Психологтардың айтуынша, бүгінде жастардың бойында патриоттық рух әлсіз. Сондықтан борышкерлер әскерге барудан қашқақтайтын көрінеді.

"Отбасында балаларды кішкентайынан бастап патриоттық сезім деп айтамыз ғой. Мынау Отанына, еліне қызмет етуге деген тәрбиенің жоғары қойылуы қажет қазіргі таңда. Осы нәрсе кәзір әлсіздеу деп ойлаймын. Снымен бірге қорқаныш сезімі басым. Отбасы да қорқады", - дейді психолог Камила Асыпқызы. 

Айта кетейік, президент қойған жарлық бойынша енді әскери запаста жүргендерден алдымен ПТР сынамасы алынады. Содан кейін ғана борышын атқарған азаматтар санитарлық талаптарға сай үйлеріне қайтарылмақ.

"Алдын ала деректер бойынша 2021 жылы қарулы күштер басқада әскерлер мен әскери құрылымдар қатарынан босатылғандар саны 33 мыңнан астам. Ал әскерге шақырылғандар саны 32 мыңнан астам азаматты құрайды", -деді ҚР қорғаныс министрілігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі Ғани Нүсіпов.

Арна мәліметінше, биыл еліміз бойынша 100 мыңнан астам жасөспірім әскери есепке алынбақ. 

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр