Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жасалған алғашқы электро автобустар ЭКСПО-ның бірінші күнінен жолға шығады

Қытаймен бірлесіп құрастырылған қоғамдық көліктер көрме қалашығынан жолаушыларды тегін тасымақ, деп хабарлайды КТК арнасы.

astana jana avtobus

Әзірге жолға екі автобус шығады. Эко-көліктер небары сегіз минуттың ішінде толық қуатталып, 70 шақырымды тоқтамай жүруге қауқарлы. Айта кетерлігі, электробус бөлшектерінің 40 пайызы отандық. Қалған 60 пайызы да 2-3 жылдан кейін өзімізде жасалмақшы. Құрастырушылардың айтуынша, автобустар ақылды борт компьютермен жабдықталған. Яғни жүргізуші қанша тырысса да жол жүру ережелерін бұзбайды. Ал құны 70-75 млн теңге аралығында.

«Бұл көлік Қазақстанның климатына толық бейімделген. Тиісті сынақтардан өтті. Әсіресе Астананың қатал қысына шыдамды. Бұл біздің ғалымдар мен Қытай мамандарының бірлескен зерттеулерінің нәтижесі», – дейді «Higer Quazar» АҚ бақылаушы кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда жүкті келіншекті құрсақтағы сәбиімен бірге өлтіріп алған дәрігерлер сотталды

Шымкентте 19 жастағы қыз 10 күннен бері іздестіріліп жатыр

Ұяты бар ұры екі қолын көлікпен басып өтуді жалынып сұрады (видео)

Еркін Рақышев: Мұрағаттар ашылса, халық Тұрар Рысқұловты сатқын деп ойлайды

Талқылау