Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жаппай лаңкестік: Бизнеске келген шығын 95 млрд теңгеден асты

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске келген шығынға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша байланыс орталығына 3 507 қоңырау түскен. Оның ішінде:

  • Мародерлік мәселелері бойынша – 1669;
  • форс-мажор – 138;
  • блок-бекеттер – 2;
  • зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11;
  • жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671.

Еліміздің 9 өңіріндегі 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, оның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408 субъект.

Зардап шеккен бизнес салалары:

  • Сауда – 1448;
  • қоғамдық тамақтану – 32;
  • қаржы секторы – 37;
  • логистика – 9;
  • БАҚ – 2.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 95,3 млрд теңгеден асты. Оның ішінде 93,8 млрд теңге – Алматыда.

Айта кетсек, 11 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 9900 адам ішкі істер органдарына жеткізілді.

Талқылау