Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда және Қытайда Димашқа еліктеуші жастар көбейе бастады (видео)

I am a Singer жобасына қатысқалы бері Димаш бүкіл әлемге танылып келеді. Бүгінде оған еліктеуші жастар көп.

Димашка еліктеушілер

Бұл ретте Stan.kz  тілшісі Димашқа ұқсағысы келетін жас балаларды түгендеп көрді.

Бір қызығы, Димашқа тек қазақ емес, қытай халқының жеткіншектері де еліктей бастаған. Олар Димашқа екінші айналымда жеңіс алып келген “Опера-2” әнін орындап, желіге жүктеп жатыр.

Мәселен, әнді нақышына келтіре орындаған мына бір жеткіншек желідегілерді таңдай қақтырды.

Көпшілік есімі белгісіз қытай баласының болашағынан мол үміт күтуге болатынын айтып жатыр.

Қазақстанда өзіндік тыңдармандар аудиториясын қалыптастырып үлгерген әнші Нұрмұхаммед Жақып та жаңа қырынан танылды. 

Өзге желі қолданушылары шама-шарқынша кең диапазонды талап ететін әнді орындауға тырысып бағуда.

Ең қызығы, Витастың әнін “орындаушылар” видеоның тұсына Витастан бұрын Димаштың есімін жазып жатыр.

Тағы бір қытай баласы Димашқа ұқсағысы келіп жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде Димаштың “Adagio” әнін пианиномен орындаған видеосы пайда болды (видео)

Жетінші кезеңді артта қалдырған Димаш бүгін елге келеді

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Димаштың есімі соңғы бір айда 64 448 рет аталған

 

Талқылау