Қазақстанда жаңбыр мен шаңды дауыл болады
Қазгидромет синоптиктері 1-3 қазандағы ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Метеорологтардың болжамы бойынша, аптаның соңында елдің солтүстігінде жауын-шашын болуы мүмкін.
"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы ауа-райына Солтүстік-Батыс циклонының әсері болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, негізінен жаңбыр түрінде. Еліміздің батыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді