AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанда жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Өйткені мұнай өнімдерін шекардан шығарған жағдайда бағаны ұстап қалу амалын энергетика министрлігі әлі таба қоймапты.

Энергетика министрлігіндегілер жанармай құнын көтеруге тыйым салынған үш ай ішінде оң шешімін табуға тиіс. "Әйтеуір қол қусырып отырған жоқпыз" деген Болат Ақшолақов  жасалып жатқан амалдарға тоқталды. Ең алдымен үш мұнай өңдеу зауытының ішіндегі ең ірісі – Шымкент зауытын кезең-кезеңімен кеңейтіп, өнім көлемін арттырады. Сондай-ақ енді бұдан былай бір жылда бір ғана мұнай өңдеу зауыты жөнделеді. Өйткені жанармай құнынының аспандап кетуіне бірден-бір себеп осы. 

Энергетика министрінің басын мәселелерінің бірі – делдалдар. Сондықтан олар электронды сауда-саттыққа қатысу үшін арнайы талаптар енгізуді жоспарлап отыр. Яғни енді тек сақтау қоймасы, сату нүктелері барларға рұқсат беріледі.   

"Мұнай өңдеу саласында  не қуаты жоқ, не газ тарату станциясы жоқ делдалдар бар. Біз оларды бұл саладан алшақтатамыз. Газ өндірумен айналысатындарды және өнімді жанармай құю бекеттері арқылы сататындарды ғана қалдырамыз", – дейді энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр