Қазақстанда бензин бағасының өсуі: Көліктерді газға көшіру қаншалықты тиімді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда жанармай бағасының қымбаттауына байланысты көліктерді газға көшіру туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Министрдің айтуынша, елімізде әлі де сұйытылған газ тапшылығы бар. Қазір ішкі нарық тек “Теңізшевройлмен” жасалған келісімдер арқылы қамтамасыз етіліп тұр.
“Ел ішінде қосымша 10 мың тоннаға жуық сұйытылған газ алынса да, тапшылық жағдайында көлік иелері балама жанармай түрлерін пайдалануға мәжбүр болады. Газ тұтыну көлемі өссе, біз оны импорттамаймыз. Керісінше, мұнай-химия зауыттарының іске қосылуына байланысты ішкі нарыққа әкелінетін газ көлемін азайтуды жоспарлап отырмыз", – деді Сәтқалиев.
Қазақстанда 10 жылдан кейін бензин жетіспеушілігін болдырмау үшін жаңа қуатты зауыт салу ұсынылды
Сонымен қатар министр көліктерді газға көшіру қосымша шығындарға әкелетінін атап өтті.
"Қалай болғанда да, сұйытылған мұнай газының бағасы мұнай өнімдерімен бірге пропорционалды түрде өседі, ал оны ішкі нарыққа жеткізу шектеулі болмақ, тіпті азаюы мүмкін", – деп түсіндірді ол.
Сәтқалиев сұйытылған газды пайдалану кезінде қауіпсіздік мәселелеріне де назар аударды. Оның айтуынша, газ – қауіпті отын түрі болғандықтан, қауіптің алдын алу үшін сұйылтылған газға ауыспай, жобалық жанармайды (қозғалтқыштың ерекшелігіне қарай арнаулы отын – ред.) пайдалану ұсынылады.
Еске салсақ, Қазақстанда АИ-92 бензині 5 теңгеге қымбаттайтынын жазғанбыз.
Оған қоса, елімізде енді бензин мен дизель отынының бағасын енді мемлекет реттемейді.