Қазақстанда жаңа Жасанды интеллект министрлігі құрылады
Фото: istockphoto.com
Мемлекет басшысы 8 қыркүйекте өтіп жатқан жолдауында елімізде Жасанды интеллект министрлігін құру керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халыққа Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды.
"Қолданыстағы салалық министрліктің базасында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Оны вице-премьер деңгейіндегі маман басқаруға тиіс", – деді президент.
Айта кетейік, алғашқылардың бірі болып Біріккен Араб Әмірліктері жасанды интеллект істері жөніндегі министрлікті құрды. Оны небәрі 27 жастағы Омар бин Султан басқарды. Бұл шешім елдің ғаламдық технологиялық революцияға көшбасшы болып, 2117 жылға қарай Марсты игеру стратегиясының бөлігі саналады. Әмірліктердің вице-президенті әрі Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум жасанды интеллект саласындағы ұлттық стратегияны іске қосты.
Осылайша, ОАЭ арнайы "Нормативтік интеллект басқармасын" құрып, заң жобаларын жазу, сот шешімдері мен мемлекеттік қызметтердің сипаттамасын дайындау ісін алгоритмдерге жүктеді. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономикаға 15,7 триллион доллар үлес қосады деп болжанған. Ал Әмірліктердің экономикасы 35%-ға өседі. 2017 жылы алғашқы жасанды интеллект министрі болып тағайындалған Омар Сұлтан әл-Олама 2024 жылы өткен шарада деректер мен алгоритмдерге негізделген жаңа заңнамалық үлгінің маңызын атап өтті. Сарапшылар мұндай жүйе парламенттік талқылауларға қарағанда нақты әрі жедел шешім ұсына алатынын айтады. Дегенмен, түпкілікті шешім әрқашан адам тарапынан қабылдануы тиіс екені де ескертіледі.
Албания да жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда кеңінен қолдануды көздеп отыр. Премьер-министр Эди Рама елде алғаш рет жасанды интеллект басқаратын министрлік құру жоспары барын мәлімдеді. Оның пікірінше, ИИ жемқорлықтан ада әрі ең тиімді "мүше" бола алады. Қазірдің өзінде жасанды интеллектіні мемлекеттік сатып алуларды, салық және кедендік операцияларды бақылауда, заңсыз құрылыстар мен каннабис плантацияларын спутник пен дрон арқылы анықтауда қолданылады. Сонымен қатар ел тұрғындарының 95%-ы мемлекеттік қызметтерді e-Albania порталы арқылы онлайн алады.
"Тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алады": Тоқаев Aitu ұлттық мессенджеріне көшуді тапсырды
Қазақстандықтар енді “жасанды интеллект - терапевтке” қарала алады
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектеп бағдарламаларына жасанды интеллект енгізілетінін жаздық. AI-ды енгізу алдымен "Цифрлық сауат" пен "Информатика" пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілген. Оқушылар үшін Day of AI онлайн курстары, ал мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстары дайындалған.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
