Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы құлдырады

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы қарқынды түрде түсіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Data Hub Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қараша айында бастапқы нарықта 1 шаршы метрдің құны 491 985 теңгеге жетті, бұл қазан айымен салыстырғанда 0,7 пайызға төмен.Жеті жылдан астам уақыт бойы бағаның бұлай құлдырау тенденциясы бұрын болмаған.

"Жалпы, соңғы бес жылда ай сайынғы бағаның төмендеуі 4-рет байқалды, оның үшеуі 2023 жылы болды. Соның ішінде Алматыда 1,6%, Ақтөбеде 2,8%  және Шымкентте 3,4%-ға төмендеу байқалды", - дейді сарапшылар.

Бірақ Қазақстандағы қайталама нарықтағы баспананың шаршы метр құны өткен аймен салыстырғанда  артқан. Қарашада ол 493 552 теңгеге жетті, яғни 0,9 пайызға қосылды. Сегменттегі баға соңғы рет бір жыл бұрын өсті. Атырауда 7 пайызға артқан.

Тұрғын үйді жалға алу да қымбаттады. Қазақстан бойынша 1 шаршы метрді жалға алу 4828 теңгеге жетті. Бірақ пәтер жалдау еліміздегі ең қымбат (шаршы метрі 5 470 теңге) саналатын Алматыда баға арзандады.

Талқылау