Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Салық кодексіне қарсы петиция жарияланды

Фото: Pixabay.com

Қазақстанда жаңа Салық кодексіне қарсы петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғындар үкімет пен парламенттен кодексті қайта қарауды талап етті. 

"Біз, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері, Салық кодексінің 286-бабының 16-бөлімінің "салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қайтару күніне оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын субъектілерден сатып алуға, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсайтын шығыстары" деген тармағының күшіне байланысты елеулі алаңдаушылық білдіреміз. Бұл ереже операциялар бойынша шығыстарды тану мүмкіндігін тиімді түрде жояды, біз 286-бабының 16-бөлімінің күшін жоюға немесе қайта қарауға, бизнес пен кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауға өтініш білдіреміз", –делінген ePetition мемлекеттік сайтында жарияланған петицияда.

Өтініш иелері мұның теріс салдарға әкелетінін атап көрсетеді. Олардың пікірінше, бұл тауарлар мен қызметтердің бағасының көтерілуіне алып келетіні сөзсіз.  Компаниялар оңайлатылған салық жүйесін пайдалана отырып, ШОБ субъектілерімен жұмыс істеуден бас тартуға мәжбүр болады. Шағын бизнес клиенттерінен айырылады, жасырын болады немесе жұмысын тоқтатады дейді.

Өтініш берушілер Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын алып тастауды сұрайды, өйткені бұл салық төлеушілердің шығыстарды тану құқығын шектейді. Олар операция бастапқы есеп құжаттарымен (шот-фактуралар, анықтамалар, жеткізу құжаттары, төлем құжаттары) расталған жағдайда, шығындарды шегерімге салу құқығын сақтауды және бизнесті, сарапшыларды және үкімет өкілдерін тарта отырып, кеңінен талқылауды ұйымдастыруды сұрайды.

Қазір петиция модерацияланып жатыр.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 18 Қазан, 2025 17:08
Талқылау