Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды

Депутаттыққа кандидат Ирина Смирнова Қазақстан халықтық партиясының съезінде үкіметті сынға алып, жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Смирнованың сөзінше, еліміздің қазіргі үкіметі халықтың талаптарын ескеруді білмейді.

"Болашақ үкіметтің құрамы жарияланды. Ол жерде бұрынғы адамдар тұр. Тек орындарын біршама ауыстарады. Олар өз міндетін орындамайды. Себебі, үкімет елдің жағдайын білсе де, "жұмысшы кедейлер" деген ұғым бар. Мұның барлығы үкіметтегі адамдарға тікелей байланысты. Олар тек басшылық етеді. Оған қоса, жасаған жұмыстары ашық түрде жүргізбейді", - дейді ол. 

Оған қоса, Смирнова биліктегілер әртүрлі партия мүшелерінен болуы керек екенін айтты. 

"Сондықтан, мен  партия мүшелеріне мұндай үкіметті қолдамауды ұсынамын. Егер ол қайтып оралғысы келсе, премьер-министрді қолдамаймыз. Жаңа тұлғалар, жаңа адамдар келуі керек екенін айтамыз. Содан кейін үкіметте де, әкімдер арасында да әртүрлі партиялардың адамдары болуы керек", - дейді ол.

Ол премьер-министрдің кандидатурасын ұсынып, Паяевтың ел игілігі үшін жұмыс істейтінін айтты. 

"Мен премьер-министрдің кандидатурасына Айбек Паяевты ұсынамын. Бұл біздің мемлекеттік органдарда жұмыс істеген партия мүшесі. Біз ол кісімен алдағы уақытта ел игілігі үшін не жасау керек екенін талқыладық. Халықтың арасынан сенімді тұлғаларды тауып, сайлауымыз керек", - дейді Смирнова. 

Талқылау
Пікір
саке
07 Нау, 21 жыл - 15:49

Госпожа Смирнова өте дүрыс айтады, үкімет түк жұмыс әстеп жатқан жоқ, барлығын ауыстыру керек.