Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болды

Jýsan Bank және "Мобайл Телеком-Сервис" Jýsan сервистері мен қызметтерін пайдалануды бұрынғыдан да тиімдірек ететін Jýsan Mobile мобильді байланысын қосып жатыр.

Жусан

Jýsan Mobile виртуалды мобильді байланысы (MVNO) Tele2/ALTEL желісінің негізінде іске қосылуда және бүкіл Қазақстан бойынша оператордың қамту аумағындағы абоненттерге қолжетімді болады. 

"Jýsan Mobile виртуалды операторын іске қосу біздің Jýsan экожүйемізді дамытуда алға жасаған үлкен қадамымыз болды және ол біздің клиенттеріміз үшін жаңа тиімділіктер ұсынады. Банктің белсенді клиенттері тегін мобильді байланыс қызметтерін және экожүйе ішінде – мобильді қосымшада, интернет-банкингте және Jmart маркетплейсінде қолдануға болатын қосымша бонустар ала алады", – дейді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. 

Jýsan Mobile ерекшелігі – Jýsan Bank сервистерімен тығыз интерграцияда Jýsan  бірыңғай қосымшасында клиенттер қаржы қызметтерін, мобильді байланысты басқару, сақтандыруды ресімдеу, биржада акциялар сатып алу, Jmart маркетплейсінде тауарлар мен қызметтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Бонустар мен акциялар

Jýsan Mobile-дың әрбір жаңа клиентіне бір ай тегін тарифтік жоспар ұсынылады.

Егер Jýsan Bank картасы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер айына 50 мың теңгеден көп болса, келесі айда мобильді байланыс қызметтері тегін ұсынылатын болады.

Jýsan мобильді қосымшасы арқылы Jýsan Mobile теңгерімін толтырған кезде, банк қосымшада немесе Jmart маркетплейсінде қызметтер ақысын төлеу кезінде пайдалануға болатын бонустар түрінде сомадан 15% қайтарады.

Тарифтер мен қызметтер

Jýsan Mobile-дың барлық абоненттері үшін құны 3 300 теңге құрайтын 30 күн мерзіммен бірыңғай тарифтік жоспар қолданылады. Тарифтік жоспар қолжетімді минуттар, трафик пен SMS-терді өзара тегін ауыстыруға мүмкіндік береді және алдын-ала бапталған комбинациялардың үш нұсқасынан тұрады: 

  • "Стандарт" (120 минут, 50 SMS, 12 Gb);
  • "Қоңыраулар үшін" (160 минут, 50 SMS, 8Gb)
  • "Интернет үшін" (80 минут, 50 SMS, 16 Gb). 

Осы тарифтік жоспарға қосылған абоненттер Jýsan Mobile  желісі ішінде лимитсіз қоңыраулар шала алады және WhatsApp  мессенджеріне лимитсіз қолжетімділік алады.

Сонымен қатар, минуттар мен интернет-трафиктің қосымша минуттары мен халықаралық роуминг қызметтерін қосу мүмкіндігі қарастырылған. 

Jýsan мобильді қосымшасы мен банк ресурстарын пайдаланған кезде интернет-трафик шығындалмайды.

Jýsan Mobile тарифтері мен қызметтерімен толығырақ сайттан оқи аласыздар

Жусан

Абонент болу үшін не істеу керек?

Jýsan Mobile абоненті болу үшін Jýsan мобильді қосымшасын орнату, онда Jýsan Pay төлем картасына тапсырыс беру қажет. Курьер төлем картасы мен сим-картаны көрсетілген мекенжайға жеткізеді. Сим-картаны интерактивті чат-боттың қарапайым нұсқауларын орындай отырып, Jýsan  қосымшасында іске қосу керек. Шығару, жеткізу және картаға екі жыл қызмет көрсету толықтай тегін жүзеге асырылады.

Бұған қоса, сим-картаны іске қосу кезінде абонентте жаңа нөмірді таңдау не болмаса өзінің қолданыстағы басқа оператордың мобильді телефон нөмірін Jýsan Mobile желісіне аудару мүмкіндігі бар. 

Jýsan Bank карталарының қолданушылары сим-картаны Банк филиалдарында жеке алып, оны қосымшада қоса алады. Jýsan Bank бар қалалардың барлық тұрғындары  Jýsan Mobile абоненттері бола алады. 

Талқылау