Қазақстанда жаңа Конституция туралы сайт іске қосылды

Қазақстанда жаңа Конституция туралы ақпарат пен референдумға дейнгі күнді көрсететін жаңа сайт пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін" жалпыұлттық коалициясы referendum2026.kz порталын таныстырды. Бұл сайт алдағы өзгерістер туралы ақпарат көзі ретінде құрылған.
Сайтта Конституция жобасының толық мәтіні жарияланған. Кейін мұнда сарапшылардың пікірлері мен енгізілетін өзгерістер бойынша кең түсіндірмелер орналастырылатыны айтылды. Сондай-ақ референдум күніне дейінгі кері санау таймері бар.
Бұдан бөлек, платформада коалицияның өңірлердегі жұмысы туралы жаңалықтар, бейнематериалдар және интерактивті контент жарияланады.
Еске салсақ, бұған дейін Конституциялық комиссия жетілдірілген заң жобасын аяқтады. Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойған еді. Кейін Қаржы министрлігі референдумға кететін шығын бұрын жұмсалған 15,5 млрд теңгеден көп болатынын айтты.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты