Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда жаңа комитет пайда болады
Қазақстанда тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау жөніндегі комитет пайда болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.
«Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет құрылады. Оған адамның денсаулығына әсер ететін тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін; медициналық қызметтердің сапасын; дәрілік заттар және медициналық құралдар айналымы саласын, дәріханалардағы шекті бөлшек бағалардың сақталуын; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласын бақылау қызметтері беріледі», – дейді денсаулық сақтау министрі.
Біртановтың сөзінше, комитетті және және оның өңірлік бөлімдерін құру жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында аяқталады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн