Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа газ кен орны іске қосылды

Фото: qazaqgaz.kz

Қазақстанда жаңа газ кен орны іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“QazaqGaz” ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Амангелді тобына кіретін Барханды газ кен орнын ресми түрде іске қосты. 

“Самұрық-Қазына” қорының мәліметінше, Барханды кен орнының іске қосылуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда маңызды қадамдардың бірі.


"Тарифі ең төмен елдердің біріміз": Қазақстанда газдың бағасын өсіру ұсынылды


“2026 жылы кен орнында газ өндіру көлемі шамамен 30 миллион текше метр болады деп күтілуде. Ал 2028 жылға қарай 65 миллион текше метрге жуықтап, ең жоғары деңгейіне жетеді. Жоба аясында жаңа жұмыс орындарын ашу және мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдер қарастырылған. Кен орнын игеруден түсетін жиынтық салық төлемдері мен келісімшарттық міндеттемелер көлемі 18,6 миллиард теңге деп бағаланған. Жоба елдегі газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды”, – делінген қор хабарламасында.

Айта кетейік, Барханды газ кен орны Жамбыл облысында орналасқан және Амангелді газ кен орындары тобына кіреді. Бұл кен орны Қазақстанның оңтүстігін газбен қамтамасыз етуді күшейтуге бағытталған стратегиялық жобалардың бірі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасында газға байланысты дау туындағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 19:09