Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа банктер пайда болады

Оңтүстік Кореялық BNK Financial Group Inc. құрамына кіретін BNK Finance Kazakhstan микроқаржылық ұйымы жаңа деңгейге көшпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: 2gis.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова бұл ұйымның 2025 жылдың мамыр айында банк лицензиясын алатынын айтты.

“Жоспарға сәйкес, алдын ала мәлімет бойынша, BNK Finance ұйымына мамыр айында банктік лицензия беріледі деген болжам бар”, – деді Мадина Әбілқасымова.

Бұған дейін, 2024 жылы 12 маусымда BNK Finance Kazakhstan екінші деңгейлі банкке қайта құрылуға рұқсат алды. Бұл шешім компанияның дамуындағы маңызды кезең болды. Өйткені ол Қазақстанның қаржы секторында кеңеюді мақсат етеді.

Лицензия алынғаннан кейін BNK Finance Kazakhstan шағын және орта бизнесті несиелеу, сауда қаржыландыруы, қаржылық лизинг, жобалық қаржыландыру, сондай-ақ бөлшек банктік қызметтер сияқты бағыттарға баса назар аудармақ.

BNK Finance-пен қоса KMF те осындай қадам жасауды жоспалап отыр. Алайда Әбілқасымованың айтуынша, бұл процесс көп уақытты талап етеді.

“KMF рұқсат алуға кейінірек өтініш берген. Олар жақында ғана банк болып қайта құрылуға рұқсат алды. Барлық қажет құжаттарды жинау үшін кем дегенде үш ай қажет болады. Олар да банктік ақпараттық жүйе бар екенін растау керек, сондай-ақ банк басшылығына, қызметкерлеріне және қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай болуға тиіс және басқа да талаптар бар”, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы.



KMF микроқаржы ұйымы 2025 жылдың наурызында банкке қайта құрылуға рұқсат алды және енді банктік секторға қойылатын талаптарға сай болу үшін техникалық инфрақұрылымнан бастап кадрлық талаптарға дейінгі барлық дайындық кезеңдерінен өтуі керек.

Осылайша, 2025 жылы Қазақстанда микрокаржылық ұйымдардан қайта құрылған екінші деңгейлі екі жаңа банк пайда болуы мүмкін.

Еске салайық, Тоқаев кореялық BNK Finance Kazakhstan шағын қаржы ұйымының екінші деңгейлі банкке айналуын қолдайтынын айтқа еді. 

Талқылау