Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа 100, 200, 500 теңгелік жаңа монеталар шығарылды

Қазақстан Ұлттық Банкі "Белка және Стрелка", "Sundet toi" коллекциялық монеталарын айналымға шығарып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Белка және Стрелка" монеталары күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік жасалған. Коллекциялық монеталар "Ғарыш" монеталар сериясын жалғастырады. Монеталар Белка мен Стрелка иттері Қазақстан жеріндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Восток" ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка – орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған кеңестік космонавт иттер.

"Sundet toi" коллекциялық монеталарының номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған "Sundet toi" коллекциялық монеталары "Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары" монеталар сериясын жалғастырады.

Сүндет той – қазақтың ұлттық салт-дәстүріне айналған қазақтың ежелгі
әдет-ғұрпы. Сүндетке отырғызбас бұрын болашақ жігітті атқа отырғызып, кейін сыйлық берген.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. "Proof-like" сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. «Brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр