Қазақстанда жаман жолмен ақша табатын интернет-дүкендер белгілі болды
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қазақстандықтар шағым айтатын интернет-дүкендерді мониторингтен өткізді, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.
Тұтынушылар әдетте «СИНЕК» ЖК, «Билалов Рустем Викторович ЖК, «Грин-Стайл» ЖШҚ, «Ренова» ЖШҚ, «KZshopping» ЖШС, «OneShop», «Asiamarket.kz», «Alligator-kz.ru» мен ғаламтордағы жеке тауарлар бойынша кіретін вирустық сайттарға шағым айтады.
Қазақстандықтар сайт арқылы емдік өнімдер, антигельминтті дәрілер, косметикалар, емдік браслеттер, арықтауға арналған өнімдер мен шөптер, видеорегистраторлар мен телефон, сөмкелерге тапсырыс береді.
Тапсырыс беру арқылы алынған тауардың кейіннен талапқа сай келмейтінін, сапасыз екені байқайды. Тұтынушылар қайтарған тауар ақшасын да қайтарып ала алмайтындары наразылық айтады.
Мониторинг нәтижесі ҰЭМ-ның Табиғи монополия мен бәсекелестікті қорғау комитетіне жіберілді.
Жіберіп алмаңыз:
Елімізде интернет-дүкендердің алаяқтығы әшкере болды
Алматыда алаяқтар төрт баласын асырап отырған жалғызбасты әкені оңдырмай алдап соққан
Джекпот ұтып алған әйел ақшасына мүгедек балаға зәулім үй алып берді (фото)