Қазақстанда жалған Xiaomi тауарлары сатылған

Фото: gov.kz
Xiaomi Inc компаниясына тиесілі тауар белгісін заңсыз пайдалана отырып, контрафактілік өнімді өткізу фактісі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң бұзушылар Xiaomi Inc компаниясының өкілінің мәлімдемесі негізінде анықталған. Алматы қаласының ірі сауда базарларының бірінде әділет органдары жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, Xiaomi, Redmi және mi сияқты тауар белгілерін заңсыз пайдаланғандарды ұстады.
700-ден астам контрафактілік өнім, оның ішінде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатын ұялы телефондар мен мобильді аксессуарлар анықталған
“Қазір Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 158-бабы бойынша кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылданып жатыр. Іс материалдары кінәлі адамды жауапқа тарту үшін сотқа беріледі. Әділет органдары тұтынушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, контрафактілік өнімді өткізу жағдайларын анықтау және жолын кесу жөніндегі өз жұмысын жалғастырады”, – делінген ақпаратта.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік