Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жалған 55 мың долларды айналымға енгізгендер сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша жасаған бандаға қатысты соттың аяқталғанын мәлімдеді. Олар жалпы құны 55 000 доллар болатын жалған купюраны айналымға енгізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

доллар

"Жалған купюралар айналымға астанадағы ақша айырбастау пункттері арқылы, жеке есепшотты банкомат арқылы толтыру, OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шотты толтыру арқылы енгізілген", – делінген ведомство хабарламасында. 

Сот шешімімен Жомарт А.А.. Чекиев И.Х., Иманбаев Р.А. бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

"Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуыға және бейтаныс адамдардан шетелдік валютаны сатып алмауға кеңес береді. Жалған банкнотты тапқан жағдайда сенім телефонына қоңырау шалыу керек. Жалған ақшаны анықтау қылмыс емес, алайда оны жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады", – деп түсіндірді агенттіктегілер.  

Назархан Уән
Дүйсенбі, 30 Мамыр, 2022 12:29
Талқылау