Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қаралып жатқан жоқ – Еңбек министрі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазір зейнетке шығу жасы қарастырылмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"Қоғамда сарапшылардың ұсыныстары талқыланып жатыр. Зейнетақы жинақтарын Ұлттық банк арқылы басқаруды қайта қарау, белгілі талаптар қою, ең төменгі зейнетақы төлемін есептеуді ең төменгі жалақыдан (65% өмір сүру минимумынан) өзгерту туралы ұсыныстар бар. Бірақ бәріміз білеміз, базалық зейнетақыны өзгерту мүмкіндігі бюджет мүмкіндіктеріне байланысты", – деді Жақыпова.
2023 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын көтеруге бес жылдық мораторий енгізілді. 2028 жылға дейін қазақстандық әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Ерлер 63 жаста зейнетке шығады.
Еске салайық, бұған дейін 26 маусымда қазақстандықтар әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция бастады. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова “петиция үкімет тарапынан қолдау таба ма?” деген сұраққа жауап берді. Тамара Дүйсенова петицияда 50 мың қол жиналса, құжат белгіленген тәртіп бойынша қаралатынын айтты. Сондай-ақ ол заңнамада әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 деп бекітілгенін еске салды.