Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі енгізіледі
2018 жылдан бастап елімізде зейнетақы төлеу жүйесі өзгереді. Қазір егде кісілер ақшасын тоқсан немесе жыл сайын шешіп алса да өз еркінде болса, енді ереже бойынша 1 қаңтардан бастап ай сайын бір рет ғана ала алады. Бұл туралы КТК хабарлайды.
“Біріншіден, жаңа жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы кезең бойынша 58-ден 63 жасқа жоғарылайды. 2018 жылдың 1 қаңтарында 58,5 жастағы әйелдер зейнетақы алады. СОнымен қатар, 2014 жылы зейнетақы жүйесін модернизациялау тұжырымдамасы енгізілген. Соған сәйкес зейнетақыны ай сайын және график бойынша алу тәртібі бар”, – деді БЖЗҚ басқарушы директоры Жанар Төлегенова.
“Егер адамның шотындағы жинақталған зейнетақы мөлшері 12 минималды зейнетақы мөлшерінен аспаса онда ақша біржолғы төлеммен беріледі. Егер ақша көлемі одан жоғары болса онда график бойынша ай сайын беріліп отырады. Ай сайынғы төлем көлемі алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы қаражат көлемі бойынша бекітіледі”, – деді Төлегенова.
Ал бұл жағдайда зейнеткерлер бірқатар мүмкіндіктерден ажырап қалмай ма?
“Қазіргі кезде зейнеткерлер жинақталған зейнетақыларын бір уақытта ала салады да, оны депозиттегі қаржысы сияқты қарап бірден құртып тастайды. Ал жинақталған зейнетақы жүйесін өзгерту – оларды ай сайынғы төлеммен қамтамасыз ету. Бұл ретте ай сайынғы төлемнің халықаралық стандарттарға сай екенін де айта кету керек.
Жаңа өзгеріске қатысты “Талап” қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев те пікір білдірді. Сарапшының сөзінше, бұл шенеуніктердің зейнеткерлерді ақылсыз санаған өзіндік позициясы екен.
“Біз бәрімізде ересек адамдармыз, ол ақшаны басқарушы компания немесе зейнетақы қоры емес, адамдарды өзі алып жаратуы керек. Сонда ауылдық жерде тұратындар ай сайын жинақталған зейнетақысын алу үшін қалаға шапқылауы керек пе”, – дейді ол. Ошақбаев сондай-ақ, аталмыш өзгерістің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қоғамдық кеңесінде талқыланбағанын да атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Атырау облысында екі баланы ұрлап кеткен әйел ұсталды
ШҚО-да ешқашан мектепке бармаған екі бала Маугли секілді өмір сүріп жатыр
ҚР мектептерінде қыздарына орамал шешкізбеген ата-аналар айыппұл төлейді
Министрлік университетке ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды