Қазақстанда зейнет жасы қашан төмендетілуі мүмкін екені айтылды
Қазақстанда зейнет жасы 2023 жылы төмендеуі мүмкін. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет кулуарында аталған мәселенің 2022 жылдың соңында қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл сұрақтардың барлығы Әлеуметтік Кодекс аясында қаралады. Жыл соңына дейін шешеміз", – деді премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов.
Елімізде қаңтар айынан бастап әйелдер зейнетке 60,5 жаста, ал ерлер 63 жаста шығады.
Айта кетейік, бұған вице-премьер үкімет әйелдердің немесе басқа санаттағы азаматтардың зейнетке шығу жасын 63-тен 55-ке дейін төмендетуді қарастырып жатыр ма деген сұраққа жауап берген еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"