AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлығына жастар керек": Ақтөбеде зейнет жасын төмендетуді талап кеткен әйелдер митингіге шықты

Сенбі күні Қазақстанның бірнеше қаласында әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуге арналған митингтер өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әйелдердің зейнетақы жасы 63 жасқа дейін біртіндеп артып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Диапазон газетінің хабарлауынша Ақтөбеде мәдениет үйінің алдына ондаған әйел жиналып, зейнет жасын 58-ге төмендетуі талап етті.

"Біздің жасымызда жұмысқа орналасу оңай емес. Барлығы бойында қуаты бар жастарды алғысы келеді. Зейнеткерлерді тек еден жуушы ретінде ғана жұмысқа алады. Бірақ оған денсаулығымыз жарамайды", – дейді наразылық акциясына қатысқан Наталья. 

Ал Гүлнар есімді әйелдің айтуынша, 63 жасқа көптеген жандар жете бермейді. Зейнетке шықпай көз жұматындар көп.

"Бұл деген мазақ қой. 63 жасқа келгенше өмір сүруің керек, бала-шағаңды асырауың керек. Қашан өзіміз үшін өмір сүреміз сонда? Қазір жасым 59-да. Өткен жыл болса, бір жылдан кейін зейнетке шығар едім. 15 жылдан бері қан қысымым жоғары. Амалсыз жұмыс істеуге мәжбүрмін, – дейді ол.



Митингіге зейнетке шыққан әйелдер де келді. Мәселен, зейнеткер Роза Балғазина әйелдер 55-58 жасында құрметті демалысқа шығуы тиіс деп есептейді.

“Тапқан зейнетақыңызды өзіңіз үшін жұмсаңыз. Кем дегенде Сарыағашқа, Бурабайға барыңыз. Мен өзім ешқайда барған жоқпын, жұмыс істедім", – дейді Роза Балғазина.

Бір күн бұрын әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету үшін күресіп жатқан белсенділер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті. Министр балама ретінде зейнетақы аннуитетін ұсынды. Ол жерде азаматтар тиісті шарт жасасып, зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда 55 жаста зейнетке шыға алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр