Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда заң қабылданғаннан кейін зейнетақы мөлшері қанша болады

Нақтыланған республикалық бюджет туралы заңға президент қол қойғаннан кейін, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қосымша 4%-ке индексацияланады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, үш жылға нақтыланған республикалық бюджетте халықты әлеуметтік қолдауға қосымша 185 млрд теңге қарастырылған.

"Бұл қаражат зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қосымша 4%-ке индекстеуге бағытталады. Осылайша 2021 жылмен салыстырғанда ынтымақты зейнетақының жиынтық мөлшері 11%-ке, ал базалық зейнетақы мен басқа да төлемдердің жиынтық мөлшері 9%-ке өседі. Нәтижесінде әлеуметтік қамсыздандыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына арналған шығыстың жалпы көлемі 4,4 трлн теңгеден немесе республикалық бюджет шығысының төрттен бір бөлігінен (25%) асады", –  деді Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол биыл зейнетақы төлеуге 3 трлн 64 млрд теңге қарастырылғанын (нақтылауды ескергенде) атап өтті. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 трлн 960 млрд теңге бөлінеді. Олар ынтымақты (еңбек) және базалық зейнетақыны төлеуге жұмсалады. БЖЗҚ-дан жасы бойынша жинақтаушы зейнетақы төлеу үшін 104 млрд теңге көзделген.

"Жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда, зейнетақының (ынтымақты + базалық) орташа мөлшері осы жылдың 1 сәуіріне дейін 105 337 теңге болса, 1 сәуірден бастап 109 346 теңгені құрайды. Ал жинақтаушы зейнетақыны қоса есептесек, зейнетақының (ынтымақты + базалық + жинақтаушы) орташа мөлшері 133 337 теңгеден 138 616 теңгеге дейін өседі", - деді вице-министр.

Сәкеев жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысатындардың зейнетақысы шамамен 30 мың теңгеге көп екенін атап өтті.

Талқылау