Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери даярлау ережелері өзгереді
Қорғаныс министрлігі запастағы офицерлер мен сержанттардың әскери даярлығының қағидаларына өзгерістер енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі бұйрық жбасының толық мәтінін "Электрондық үкімет" порталына жариялады.
"Түзетулер бюрократизацияны болдырмауға және азаматтар мен әскери оқу орындары әскери қызметшілерінің еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқуға түсу, ауыстыру және қалпына келтіру процестерін Қазақстан Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына Egov арқылы тиісті өтінім бере отырып, цифрлық форматқа ауыстыруға жағдай жасайды", – делінген хабарламада.
Бұйрық жобасымен 20 желтоқсанға дейін "Ашық НҚА" порталында таныса аласыз.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы қанша қазақстандық әскер қатарына шақырылатыны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"